Армениядан келген еңбек мигрантына рұқсат алу қалай жүзеге асырылады?

Қазақстанға еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін армения азаматтары арнайы тіркеуден өту керек, деп хабарлайды BAQ.KZ

Еңбек мигранттарының уақытша тұруға рұқсат алу тәртібі мынадай алгоритммен жүзеге асырылады.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу: Еңбек мигранты елге келгеннен кейін ең алдымен тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі тиіс.

Жұмыс берушімен еңбек шартын жасау: Жұмыс берушімен еңбек шарты рәсімделеді. Егер еңбек шартының мерзімі 1 жылға дейін болса, онда мигранттың тіркелуі 90 күннен асатын мерзімге рәсімделеді.

Көші-қон қызметіне өтініш беру: Еңбек мигранты көші-қон қызметіне барып, уақытша тұруға рұқсат алу үшін өтініш береді. Өтініш қарау мерзімі – 2 айдан 6 айға дейін.

Рұқсат алу және шартты тіркеу: Өтініш қанағаттандырылған жағдайда, уақытша тұруға рұқсат қағазы беріледі. Осыдан кейін еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тіркеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы