Арменияда соғыс жағдайы жарияланды. Елді қорғауға дайын болыңыздар – Пашинян
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения Кабмині Карабақтағы жағдайға байланысты елде соғыс жағдайын жариялап, мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірді.
Бұл туралы мемлекеттің Премьер-министрі Никол Пашинян хабарлады, деп жазды РИА Новости.
Үкіметтің шешімімен Армения Республикасында соғыс жағдайы орнап, мемлекеттің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілді. Аталмыш шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді. Әскерге тиесілі жеке құрамға өз аумағындағы әскери комиссариаттарға келуге шақырамын, - деп жазды Никол Пашинян Facebook-тегі парақшасында.Бұған дейін Пашинян Кабмин соғыс жағдайын енгізу туралы мәселені қарастыратынын айтқан еді.
Біраздан кейін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы болады. Содан кейін Үкімет елде соғыс жағдайын жариялап, мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан жартылай соғыс жағдайына көшіру туралы мәселені талқылайды. Біздің қасиетті отанды қорғауға дайын болыңыздар! - деп жазды Премьер-министр.Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жексенбі күні Армения қарулы күштері Карабахтағы елді мекендерге оқ атқанын, ел азаматтарының арасында қайтыс болғандар бар екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, 12 шілдеде Армения-Әзербайжан қақтығысы қайта өршіген болатын. Ереван мен Баку бір-бірін Таулы Қарабақтың таулы аймағының солтүстігінде орналасқан ортақ шекара бөлігінде атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Әзербайжан-Армения шекарасындағы Товуз аймағындағы армян қарулы күштері Әзербайжан позицияларын артиллериялық оққа ұшыратқан. Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери қызметшілері УАЗ көлігімен шекараны бұзып, артиллериялық оқ жаудырып, әскери бөлімше орналасқан бөлімшені басып алмақ болғанын хабарлады.
Бұған дейін Әзербайжан Президенті Армения жаңа соғысқа дайындалып жатқанын айтқан болатын.
Кейіннен Әзербайжан мен Армения Карабақтағы жағдайдың ушығып кеткенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы