Арменияда парламенттік сайлау өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлауда 2 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
Дауыс беру 08:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлады ТАСС.
Сайлаушылар 25 саяси партия мен блокқа дауыс бере алады.
Соңғы сауалнамаларға сәйкес, халықтың фавориттері - Азаматтық келісім партиясы, оның жетекшісі Министрлер кабинетінің қазіргі басшысы Никол Пашинян және Арменияның екінші президенті Роберт Кочарян басқаратын Армения блогы болып отыр.
Парламентке өту үшін партия кемінде 5%, блоктар – 7% дауыс жинауы қажет.
Сайлауда 2,5 миллионнан астам адам дауыс бере алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәжікстан мен Еуроодақ әріптестік мәселесін талқылады
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы