Армения ШЫҰ-ға мүше болуға ниет білдірді

Армения Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) толыққанды мүшесі болуға қызығушылық танытты. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының іргелі қағидаттарын, атап айтқанда аумақтық тұтастықты, күш қолданбауды және шекаралардың мызғымастығын бөлісе отырып, Армения Республикасы ШЫҰ-ға мүше болуға ниет білдірді, – делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, ШЫҰ – өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық серіктестікті дамытуға бағытталған халықаралық ұйым. Құрамына Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Үндістан және Иран сынды елдер кіреді.

Өткен жылдың шілде айында Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ-ның басты міндеттерінің бірі – қатысушы елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өткен болатын. Оның айтуынша, бұл бағытта сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша арнайы бағдарлама іске асырылуда.

Арменияның бұл ұйымға мүшелікке ұмтылуы – Еуразиялық өңірдегі геосаяси бағыттарын қайта қарастыруының бір көрінісі ретінде қарастырылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: freepik
Өзгелердің жаңалығы