Армения мен Грузия шекарасында жер сілкінісі тіркелді
Бүгін, 2 қараша күні Армения мен Грузия шекарасына жақын аймақта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Армения ІІМ-нің құтқару қызметіне сілтеме жасап.
Сейсмологиялық желінің дерегінше, жер дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 19:49-да тіркелген. Эпицентр Бавра ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 8 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 болса, ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты.
Эпицентр маңында жер қозғалысының күші 5-6 балға жеткен. Дүмпулер Арменияның Ширак және Лори облыстарында да сезілген. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы тауларында екі жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы