Никола Пашинян: Біз қиын жағдайға тап болдық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда коронавирус пандемиясы қиын жағдайға жеткізді. Бұл туралы korrespondent хабарлады.
Біз сыни жағдайға тап болдық және тозаққа қарай адымдап бара жатқандаймыз. Арменияда қазір ауруханаға жату кезегін күтіп жүрген 200-ден астам науқас бар. Денсаулық сақтау жүйесінде жүктеме көп және науқастарды ауруханаға жатқызуға үлгермейді. Медициналық көмекті кешігіп көрсету салдарынан адам қайтыс болған жағдай бар. Екі оқиға жалпы бөлімшеде болған, себебі реанимациялық бөлімшеде орын болмаған, - деп мәлімдеді елдің премьер-министрі Никола Пашинян.Оның айтуынша, билік локдаунды жариялау мүмкіндігін қарастырды, бірақ ол шара қалаған нәтижені бермейтіні шешілді.
Арменияда өткен тәулікте коронавирустың 547 жаңа оқиғасы анықталды, елдегі COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 12 547-ге жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
IFSC Еуропа чемпионаты өтетін жаңа датаны белгіледі
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы