Армения елге маймылдар мен кеміргіштерді әкелуге тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда маймыл шешегінің таралуына байланысты ел аумағына маймылдар мен кеміргіштерді әкелуге тыйым салды.
Республиканың тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша инспекциялық органы сайтының хабарлауынша, тыйым салу шаралары 28 қарашаға дейін жалғасады.
Елге маймылдар мен кеміргіштерді, соның ішінде осы жануарларды Еуропалық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелу мен олардың транзиттік тасымалдануына тыйым салынды, - делінген хабарламада.
Ғалымдар маймыл шешегінің таралу қаупі жоғары екендігін ескерткен болатын. Ал кейбір мемлекеттер аталған дертке қарсы вакцинациялау шараларын бастап кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Канн фестивалінің жеңімпазы анықталды
Өзгелердің жаңалығы