Армения Әзербайжанмен тікелей сауда мәселесін талқылауға дайын
Армения Әзербайжанмен тікелей сауда байланыстарын құру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Арменияның қоғамдық телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл мәселе де қарастырылып жатыр, – деді министр.
Оның айтуынша, Баку мен Ереван бейбітшілікті институционализациялау жолымен алға жылжыса, қоғамдағы психологиялық кедергілер біртіндеп жойылып, тәжірибеге негізделген ынтымақтастық нақты сипат ала бастайды.
Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Баку Арменияға жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастағанын мәлімдеген еді. Осыдан кейін Арменияға Қазақстаннан астық пен Әзербайжаннан бензин партиясы жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Германияда зейнет жасын көтеру ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы