Армения Қазақстаннан көмек сұрамайды деп ойлаймын - Дос Көшім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс күннен күнге өршіп барады. Бұл кикілжіңге әлем елдері де араласа бастады. Кейбірі, дәлелді-дәлелсіз айғақтар келтіріп Түркияны сынауда. Соның бірінде, "Түріктер бұл соғысқа сириялық содырларды тартты", деген айып бар. Ресми Ереванда қарап қалмаған сияқты. Кей деректерде, "Армения Әзербайжанға қарсы күрд сарбаздарын пайдалануда", деп айтылған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы мәлімдейді.
Кавказдағы қарулы қақтығыс басылар емес. Тараптардың ешбірі ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге асықпайды. Зардабын жергілікті халық көруде. Әзірге әскери шабуыл кезінде қаза болғандар туралы туралы нақты ақпарат жоқ. Екі жақ бір-бірінің шығынын ғана есептеп жатыр. Әзербайжан басылымдары, "Армияндардың екі мың сарбазы өлді", деп жазса Ереван ақпарат құралдары да "Әзербайжан жақтан көп жауынгер қырылды", деп хабарлап жатыр.
Илхам ӘЛИЕВ, ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біздің бір ғана шартымыз бар. Олар біздің жерлерімізден сөзсіз кетуі керек. Бұл шарт күшін жоймайды. Егер Армения үкіметі оны орындаса, қарулы қақтығыс тоқтайды, қан төгілмейді.Айыптаулардың арасында бұл соғыста шетелдік содырлар жүр деген ақпарат бар. Британиядағы Адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығы оларды тіпті санап шығыпты. Келтірілген дерекке сенсек Таулы Қарабақта кемінде 850 лаңкес соғысып жүр екен.
Омер ЧЕЛИК, ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ БАСПАСӨЗ ӨКІЛІ: Майдан алаңына жалдамалы жендеттерді жеткізіп отырған біз емес. Ол жалған ақпарат. Керісінше, осындай бассыздықтарға барып отырған Армения. Халықаралық қылмысты жасап отырған да солар. 1949 жылғы Женева келісімін бұзды.Әлемдік сарапшылар, "Бұл теке-тіресте Қазақ елі Арменияға жақтасуы мүмкін", деген ақпарат таратуда. Өйткені, екі ел Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарт ұйымына мүше. Ал, ол ұйым шарттарына сәйкес, қажет болғанда одақтас елдер бір-біріне қарулы көмек беруі тиіс екен. Бұл ұйымға Қазақстан мен Армениядан басқа Ресей, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан мүше екенін атап өткен жөн. Шетелдік әріптестерінің сөзін отандық сарапшылар құп көрмейді. "Қазақстан бұл қақтығысқа араласпайды", дейді өзіміздің саясаттанушылар.
Дос КӨШІМ, САЯСАТТАНУШЫ: Армения Қазақстаннан көмек сұрамайды деп ойлаймын. Себебі, бұл шет жақтағы жауға бірге тұратын ұйым. Бұл ішкі мәселеге араласпауы керек. Және ондай жағдай болса, Қазақстаннан әскер жібереді деп ойламаймын. Себебі, біз жаңағы Түрік ұйымдары мен түрік халықтарымен туысқандық, бауырлас халықтарымызға қарсы өзіміздің әскерімізді жібермейтін шығармыз. Оған біздің биліктің ақылы жетеді деп ойлаймын да.Екі елді ымыраға шақыратын бірнеше халықаралық шарттар бар. Соның бірі Минскі келісімі. Бірақ ол келіссөздің қашан өтетіні әзірге беймәлім. Өйткені, Александр Лукашенконың өз проблемасы басынан асады. Оның үстіне осы топқа мүше АҚШ басшысы да аурып қалған. Дональд Трамптың короновирустық инфекцияға шалдыққаны бүгін ғана хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ гимнасты Әлем кубогін жеңіп алды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы