Арманым ақиқатқа айналды – ұстаз
Бүгін Мемлекет басшысы алдағы Ұстаздар күнімен құттықтап, білім саласында қызмет атқарып жүрген сала мамандарын марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Солардың бірі Шымкент қаласындағы Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Шералханға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілді.
Бұл мен үшін жай ғана мамандық емес, өмірлік мақсатым мен бала күнгі арманым еді. Сол асыл арманымды орындап, ұлт тәрбиесіне, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруге қолымнан келгенше үлес қосып келемін. 2024 жылы «Үздік педагог» республикалық байқауында жеңімпаз атануым менің ғана емес, барша әріптестерімнің, ұжымымның, шәкірттерімнің ортақ жеңісі деп білемін. Жылдар бойғы еңбегімнің еленуі мен үшін үлкен мәртебе. Әсіресе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолынан марапат алуым ұстаз ретінде жүрегіме айрықша қуаныш пен шабыт сыйлаған сәт болды, – дейді ол.
Гүлмира Шералхан 28 жылдық тәжірибесі бар ұстаз.