Арман Шораев қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қаласының полиция департаменті.

Арман Шораевқа қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен nөтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
Арман Шораев әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат таратқан. Ол өз әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген, - делінген хабарламада.

Арман Шораев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Арман Шораев 2004 жылдан 2006 жылға дейін "Хабар" Агенттігі" АҚ орталық бюросын басқарды. Кейін "Хабар" Агенттігі" АҚ бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2007 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін "Коммерциялық теледидар арнасы" АҚ "КТК"-ның бас директоры болды.

2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы