22 Қыркүйек 2026, 20:33 Фото: gov.kz

Арман Қырықбаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысымен кездесті

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бұл ұйымды құру бастамасы 2022 жылы Астанада өткен ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде қолдау тапты. Ұйымның негізгі міндеттерінің бірі – қатысушы елдердің гуманитарлық байланысын нығайтып, өзара ынтымақтастығын дамыту.

Кездесуде Арман Қырықбаев пен Наталья Бочарова мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, кітап шығару ісін, сондай-ақ әдеби және фольклорлық мұраны кеңінен таныту жолдарын талқылады.

Кездесу соңында тараптар келешегі бар бірлескен жобаларды пысықтауға дайын екенін білдірді.