Арман Оспанов UFC-мен келісімшартқа отыруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Арман Оспанов Лас-Вегасқа (Невада штаты) ұшып барғаны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

30 жастағы файтер алдымен Стамбулдан Лос-Анджелеске (Калифорния штаты) ұшып барып, кейіннен Лас-Вегасқа жол тартқан.

Атақты UFC-дің штаб-пәтері дәл осы Лас-Вегаста болғандықтан, Арманның онда баруы жанкүйерлердің назарын аударды. Себебі, осы жылдың көктемінен бастап Оспанов аталған компаниямен келісімшартқа отырды деген сыбыстар тараған. Айта кетерлігі, Арманның кәсіпқой мансабына Ризван Магомедов және ММА әлеміндегі ең танымал менеджер - Али Абдель-Азиз жауап береді. 

Арман Оспанов жақын арада UFC-мен келісімшартқа отыруы мүмкін, содан кейін ол атақты Jackson Wink MMA Academy залы орналасқан Альбукеркеге (Нью-Мексико штаты) барады. Оспанов бірнеше рет Грег Джексон және Майк Винлехонның жетекшілігімен жаттығу жасады. Спортшының өзі Альбукерке жаттығу ыңғайлы екенін айтады.


Айта кетейік, UFC Арман Оспановпен осы жылдың маусым айында Қазақстанда өтуі тиіс UFC турнирі аясында бір жекпе-жекке келісімшарт жасағысы келген. Алайда COVID-19-ға байланысты бұл турнир өтпей қалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы