Арман Оспанов Америкадағы жеңілісінен кейін парақшасында жазба жариялады

Алматы, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жектен қазақстандық Арман Оспанов Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп жазды Prosports.kz.

Өмір сабағы - бәрінде мейірімділік бар! Адамның не қалайтыны маңызды емес, бәрі жаратушының қалауымен болады, - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, Қазақстан уақытымен 11 маусым күні таңертең Арман Оспано UFC-дің бұрынғы файтері америкалық Крис Уэйдпен жекпе-жек өткізді. Крис екінші раундта Оспановты ауыр нокаутқа түсірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы