"Арман ағашы" атты қайырымдылық акциясы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елордада  "Арман ағашы" атты қайырымдылық акциясы басталды. 

Jas Otan жастар қанатының қолдауымен  ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ауыр науқасы мен мүгедектігі бар "Нұрлы жүрек" мекемесінің 117 бүлдіршініне мерекелік көңіл күй сыйлау, ойлаған армандарын іске асыру акциясы ұйымдастырылуда. 

 



Бұл үшін қаламыздың әрбір тұрғыны, қала қонағы армандар ағашына ілінген балалардын тілегін алып, сыйлығын алып келуі керек.

 

Біз барлық өңірлерде "Арман ағашы" атты акциясын бастадық. Акция аясында біз ата-ана қамқорлығынсыз, ерекше қажеттіліктері бар балаларға жылулық пен сүйіспеншіліктің бір бөлігін сыйлағымыз келеді. Біз алдын ала орталық өкілдерімен кездесіп, балалардың қандай сыйлық алғысы келетінің жазып алдық. Өз басым баланың әрбір арманы міндетті түрде орындалуы тиіс деп ойлаймын. Себебі, бала арманын жүзеге асыру арқылы, біз оған шабыт сыйлаймыз. Акция бір айға созылады. Акцияның соныңда барлық жиналған сыйлықтар бүлдіршіндерге салтанатты түрде, әдемі театрландырылған қойылыммен бірге таратылады, - дейді  Jas Otan ЖҚ төрағасы Дәулет Кәрібек. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы