10 Қараша 2026, 15:11 Фото: fergana.agency

Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан: Жетісулық келіншек бірден төрт ұлды өмірге әкелді

Жетісу облысының тұрғыны төрт ұлды дүниеге әкелді.

«Жетісу» телеарнасының мәліметінше, 31 жастағы Альмира Бекеева Алматы қаласындағы Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында төртемді босанды.

Ота арқылы босандыру нәтижесінде Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан есімді төрт ұл өмірге келді.

Сәбилердің салмағы 1,4-1,7 келі аралығында. Ана мен төрт нәрестеге дәрігерлердің ерекше бақылауымен медициналық көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте екі рет егіз туған ана дүниеге үшем әкелгенін хабарлаған болатынбыз. 

Тағы оқи отырыңыз:

Шымкентте жыл басынан бері 213 егіз бен 4 үшем дүниеге келді

Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді