Арктикадағы мұз жылдам еріп барады – ғалымдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһандық жылынуға қатысты жағдай қауіпті болып тұр, деп жазды «Хабар 24».
Лондон университеттік колледжінің ғалымдары осылай деп отыр. Айтуларынша, Арктикадағы мұз бұған дейінгі есептеулерден 2 есе жылдам еріп бара жатқан көрінеді. Өйткені мамандар бұл жолы өлшеудің жетілдірілген технологиясын қолданған. Ғалымдар «бәріне жаһандық жылыну себеп» дейді. Өйткені қар бұрынғыдан аз жауатын болған. Тиісінше, мұз да жылдам ери бастаған.
Мұздың қалыңдау болғаны дұрыс. Өйткені ол мұхитты күн сәулесінен қорғайды. Яғни мұз тез еріген сайын мұхит суы да жылдамырақ жылынады деген сөз, - деді Лондон университеттік колледжінің өкілі Робби Маллетт.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы музыкалық жас көрермен театрында премьера болады
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы