Әркім өз орнының жауапкершілігін сезінуі қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы, Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында көтерген саяси бастамаларына қатысты пікірін білдірді.

Оның айтуынша, осы уақытта қоғамның санасы мен саяси көзкарасы өзгеріп, жаңаша қалыптасуда. Оған елімізде көтерілген бастамалар мен қоғамдық бақылау жүйесінің кіріктірілуі де өз әсерін тигізді. Президент те бүгін халық пен қоғамның осы бағыттағы дамуын үдететін бастамалар көтерді. 

Президенттің ауыл әкімдерінен кейін аудан әкімдерін сайлау жөніндегі бастамасы халықтың көптен күткен маңызды шараларының бірі. Бұл әкімдер алдына да үлкен міндеттер жүктеп, ел мүддесін ойлайтындар шынайы бағаға ие болады. Жергілікті жерде әкімдерді сайлау өңірлердің өрлеуіне де серпін бірері анық, - дейді ол. 
Ол әркімдер қазір де өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінсе екен дейді. 

Сондай-ақ, Парламент мәжілісінде әйелдер үлесінің өсіп, гендерлік теңдікті қолдау, жастарға басымдық беру бұл да оң өзгерістердің басы екенін атап өтті.

Ботакөз Жақиянова
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы