Әріптестерімді шақыруға уақыт болмады - 32 адамды эвакуациялаған құтқарушы
Астрахан ауданы ТЖБ бастығы Аят Сералиев су тасқыны кезінде 32 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Құтқарушы науқас әйелді қайықпен жедел жәрдем көлігіне жеткізген еді.
Оқиға Старый Калутон ауылында болды. Біздің жасақ үй-үйді аралап, қалып кеткен тұрғындарды іздеп жүрген мен кірген үйде науқас адамның дауысы естілді. Әріптестерімді шақыруға уақыт болмады. Бірақ менің тұрғынды алып шыққанымды көрген соң, өзгелері де келіп көмектесті, - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Махамбет ауданында бөгеттің 65,4 шақырымы тұрғызылды
Өзгелердің жаңалығы