Архив саласының қызметкерлері марапатталды

20 желтоқсанда «Архивші күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Шымкентте «Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: проблемалар мен тың жобалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жиында МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш архив саласын дамытудың негізгі факторы, проблемалары және жетістіктері туралы баяндады.

Сондай-ақ, конференция барысында шетел архивтерінде табылған деректердің маңызы, Ресей Федерациясының соғыс және әскери тарих архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжат жинаудың ғылыми негіздері мен нәтижелері, оларды ғылыми айналымға енгізу жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Іс-шара шеңберінде архив саласының ардагерлері мен мемлекеттік архив қызметкерлері «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы