Argymaq.kz ұлттық танымдық порталының 10 жылдығына орай конференция өтті

2024 жылдың 24 шілде күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялаық кітапханасында «Ұлттық спорт қорының» қолдауымен және ұйымдастыруымен «Аrgymaq.kz» ұлттық танымдық порталының 10 жылдығына орай конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараның басты мақсаты – салт-дәстүр мен мәдениетімізбен бірге жасасып келе жатқан құндылығымыздың бірі ұлттық спортты ұлықтап, насихаттаумен 10 жыл бойы айналысып келе жатқан «Аrgymaq.kz» ұлттық танымдық порталының жұмысымен танысу болды.

Конференцияға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «Аrgymaq.kz» ұлттық танымдық порталының негізін қалаушы Ержан Жаубай, «Ұлттық және ат спорты орталығының» директоры Бақдәулет Маратұлы, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Бақытжан Тұрлыбеков, ҚР мәдениет қайраткері Бекен Қайратұлы мен қоғам белсенділері, ұлттық спортқа ақпараттық қолдау білдіріп жүрген журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Интернет желісінде қазақтың ұлттық танымдық байлығын, мұрасын түгендеуге бағытталып ашылған «Аrgymaq.kz» порталы 10 жылдың ішінде көптеген жоқтың орнын толтырды деп айтсақ болады. Ұлттық мұраға айналған жылқыларымызды баптауға, оны сақтауға, оның түрлері мен тұқымын асылдандыру мақсатында өте керемет мақалалар осы сайтта жинақталған. Осындай керемет сайттың 10 жылдығы құтты, алар белесі мол болсын, - деді  Парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.

Шараға қатысқан өзге де қонақтар, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов Аrgymaq.kz
Өзгелердің жаңалығы