Аргентинаны қатты құрғақшылық жайлады

Аргентинада ұзаққа созылған құрғақшылықтан малдар қырылып жатыр. Санта-Фе провинциясында 4 ай бойы жаңбыр жаумаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің үш мың сиыры қырылып қалған.

Жергілікті мамандар құрғақшылық жалғаса берсе, Аргентинадағы сиырлардың жартысы қырылып қалуы мүмкін деген болжам жасауда.

«Наурыз бен сәуір айларында жаңбыр жаумаса, елде азық-түлік саласында айтарлықтай қиындық туындайды», - дейді фермерлер. 

Сондай-ақ құрғақшылықтан елде табиғи өрттер көбейген. Айта кетейік, Аргентинада құрғақшылық үш жылдан бері жалғасып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы