Аргентиналық жасөспірім Диего Марадонаның рекордын жаңартты
14 жастағы аргентиналық Матео Аполонио "Депортиво Риестра" ересектер командасына қадам басып, Диего Марадона мен Серхио Агуэроның рекордын қайталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
TyC Sports басылымының мәліметіне сәйкес, жас шабуылшы Fhutynbys кубогының финалындағы 1/8 матчтың 84-шы минутында "Ньюэллс Олд Бойз"-ға қарсы ойында "Депортиво Риестра" командасы үшін алаңға шыққан.
Бір кездері Диего Марадона да алғаш рет 16 жасқа толмай тұрып "Архентинос Хуниорс" кәсіби клубында ойнаса, Серхио Агуэро 15 жасында "Индепендьент" командасының құрамына қосылған болатын.
Аполонио болса "ересектер футболында" ойнаған ең жас футболшы ретінде аладөп аңыздарының рекордын жаңартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысы Қобда ауданында 150 үй салынады
Өзгелердің жаңалығы