25 Қыркүйек 2026, 17:47 Фото: BILD

Аргентинада жүздеген кит төлі жұмбақ инфекциядан қырылды

Соңғы бірнеше аптада Аргентинаның оңтүстігіндегі жағалауларға жүздеген өлі оңтүстік китінің төлі шығып қалған. Өлекселер әсіресе Чубут провинциясында көбейді. Мұнда алғашқы жағдайлар маусым айында-ақ анықтала бастаған.

Ғалымдар бұған теріде ауырсыну мен жоғары дене қызуын тудыратын ауыр бактериялық инфекция – тілме себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Теңіз биологы Мариано Косарселланың айтуынша, киттердің өлімі табиғи себептен болуы ықтимал, дегенмен адам әрекетінің әсерін әзірге толық жоққа шығару мүмкін емес.

Пуэрто-Мадрин қаласы мен оған жақын орналасқан Вальдес түбегі – оңтүстік киттерінің көбеюі үшін аса маңызды аймақ. Былтыр мұнда рекордтық көрсеткішпен 2110 кит, оның ішінде 800 төл саналған. Биыл 1375 жануар тіркелген, олардың 400-ге жуығы – төлдер. Дегенмен зерттеушілер қазіргі өлім-жітімді бүкіл популяцияға қауіп төндіретін жағдай деп бағаламайды.