29 Қыркүйек 2024 2024, 22:31
Фото: pixabay.com
Аргентинада кедейлер саны күрт көбейген
Аргентинада Хавьер Милей президенттікке сайланған соң алғашқы алты ай ішінде кедейліктің деңгейі 53%-ға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аргентинада Хавьер Милей президенттікке сайланған соң алғашқы алты ай ішінде кедейліктің деңгейі 53%-ға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Guardian таратқан ақпаратқа сәйкес, кедейліктің жаңа деңгейі басталғанын мемлекеттік статистикалық агенттік мәлімдеді.
Президент шығындарды бірден қысқартып, инфляциямен күресуде. Бұл өз кезегінде кедейліктің жаппай белең алуына ұласуда.
Белгілі болғандай, мемлекет соңғы жиырма жыл ішінде экономикалық дағдарыстың шарықтау шегіне жетіп отыр. Мәселен, биыл 3,4 млн тұрғын кедейлер санатына қосылған.