Аргентинада АҚШ долларын сатып алуға шектеу қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел президенті Маурисио Макри жексенбі күні осындай жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.
Енді америка валютасын сатып алу үшін экспорттаушы компаниялар Орталық банктен рұқсат алулары тиіс. Бұдан былай аргентиналықтар айына тек 10 мың доллар көлемінде ғана АҚШ валютасын сатып ала алады.Айта кетсек, Аргентина үкіметі мен Орталық банкі 11 тамызда өткен сайлаудан кейін песоның құлдырауына байланысты ел экономикасын тұрақтандыруға тырысып келеді. Өткен аптада төл валютаның жылдық құлдырауы 36% жеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртаудағы жаңа облыстық IT-мектепте 400 оқушы білім алады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы