Аргентинада 370 мыңнан астам адам «Спутник V» вакцинасын салдырған

Алматы, BAQ.KZ. Аргентинада осы уақытқа дейін 370 мыңнан астам адам ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырған. 

Бұл туралы Аргентина министрлер кабинетінің басшысы Сантьяго Кафьеро мәлімдеді, деп жазды Regnum агенттігі.

Оның айтуынша, қаңтар айының соңында Буэнос-Айрес қаласына вакцинаның үшінші легі жеткізілген, яғни «Спутника V» вакцинасының 220 мың дозасы әкелінген. 

Келісімшарт бойынша 2021 жылдың қаңтар айында Аргентинаға вакцинанынң бірінші жиынтығы бойынша төрт миллион доза, ал екінші жиынтық бойынша бір миллион доза жеткізілу керек болған. 

Сонымен қатар екі ел арасында «Спутника V» вакцинасын Аргентина аумағында өндіру мәселесі бойынша келісімшарт жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы