Аргентина құрамасы 28 жылда бірінші рет Америка Кубогын ұтып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентина құрамасы Америка Кубогын ұтып алды. Бұл 28 жылда алғаш рет орын алып отырған жеңіс деп жазды Lenta.ru.

Бразилиямен ойнаған финалда бір гол жетпей қалған: Анхель ди Мария де Пауль берген пас кезінде шапшаңдық танытып, Лодидің қателігін сәтті пайдаланып, Эдерсонды сан соқтырып кетті.

Бразилиялықтар аргентиналықтармен ойын барысында нағыз қызу ойын көрсете білді. Неймар әріптестері үшін оңтайлы сәттер тудырғысы келсе, Мессидің алдын ораушылар көп болды. Лео үздік эпизодты ойын аяқталардан бірнеше минут бұрын көрсетті.

Ал аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинес екінші таймда айыппұлдан екі соққыны алып шыға білді.

Әйгілі ойыншы Месси үшін бұл Аргентина құрамасындағы ең үлкен титул болып отыр. Бүған дейін ол тек Бейжіңдегі Олимпиада-2008-дің алтынын (жастар турнирі деген дұрысырақ шығар), одан бөлек, ӘМ-2014 күмісін иеленген. Америка Кубогында финалда үш финалды «әттеген-аймен» аяқтаған болатын. 35 клубтық атағынан басқа, ұлттық командада олжалаған жеңістері де бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы