«Әрекет»: 120-дан астам КЕҰ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға грант алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев айтты.

«Әрекет» жобасы іске қосылған 3 жыл ішінде Қазақстанның 120-дан астам коммерциялық емес ұйымы 500 мыңнан 3 млн теңгеге дейін гранттар алды. Грант алушылар жобаларының негізгі бағыттары халықтың әлеуметтік осал топтарынан адамдарды жұмысқа орналастыру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және түзету, инклюзивті білім беру, спорт, жастардың бос уақыты, мектепке дейінгі оқыту болып есептеледі, - деді ол.

Іргебаев айтқандай, «Әрекет» жобасы аясында оған қатысуға 360-тан астам КЕҰ өтінім берді, 130-дан астам ұйым оқудан өтті.

Жобаның мақсаты - коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, оларды бизнес жүргізу дағдыларына үйрету және әлеуметтік проблемаларды кәсіпкерлік тәсіл арқылы шешу. «Әрекет» жобасының ұйымдастырушысы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы