«Белсенді ардагер» акциясы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған «Белсенді ардагер» акциясы аясында кешенді ем-шараларды 2200 жуық мүгедектер, ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген тұлғалар қабылдады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Акция аясында барлық қатысушыларға диагностикалық, зертханалық және медицина-сауықтыру іс-шаралары кешендері қарастырылды, оған медициналық мамандардың сараптамалары мен консультациялары өткізілген.

Осыған орай, төрт апта ішінде, барлығы 3012 зертханалық талдаудар жүргізілді, диагностикалық тексеруден 1450 адам өтті, 376 электрокардиограммалар түсірілді, ултра-дыбыстық зертеу қызметтері 182 адамға көрсетілді, рентгендік зерттеу 79 адамға, компьютерлік томография 21 адамға жасалды. Мүгедектер мен ҰОС қатысушыларына барлық кешенді тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде емхана мен үй жағдайында өткізілді.

Осы ай аралығында Басқарма мүгедектер мен Отан соғыс қатысушыларының клиникалық зерттеулерден өтуіне, басқа да әлеуметтік қызметтер арасындағы ведомствоаралық өзара әрекеттестікке ерекше назар аударғанын айта кетейік. Осылайша, күндізгі стационарда 67 адам ем алып шықты және үйдегі ем-шараларды 110 адам қабылдады.

«Ардагерлерге алғыс білдіріп, дәрігерлерге бата берді. Біз олар үшін барлық жағдайларды жасап жатырмыз. Бір айдың ішінде үй жағдайында кешенді шаралар жүргіздік. Қажет болған жағдайда біз пациенттерді мүгедектік арбаға клиникаға компьютерлік томография және рентгендік суретке түсіру үшін өзіміз әкеліп жүрдік», - деді емхананың ардагерлер бөлім меңгерушісі Зульфия Каржауова.

Медициналық көмекті қоса алғанда, оларға әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың қолдауымен қамтамасыз етілген. Осылайша, неврапатолог маманның ккеңесін 179 адам алды, кардиологтың – 315, лор дәрігер 172 адамға қызмет көрсетті, офтольмолог 102 адамды қарап шықты, терапевт маман 1450 адамды қарап шықты, сондай-ақ, психолог пен әлеуметтік қазметкердің көмегіне 1500-ге жуық адам жүгінді.

Айта кету керек, бұл акция біржолғы емес, барлық медициналық ұйымдар ай сайын әр ардагердің денсаулық жағдайы бойынша мониторинг жүргізеді және, тиісті ем тағайындайды.

Ардагерлердің бірі, Александр Торкин, өткізілген айлық кезінде өзінің жүз жылдығын атап өтті. Александр Петрович соғыс кезінде Мәскеуден Берлинге дейін барған. Оның ерлігі үлкен. Сол үшін ордендер мен медальдармен марапатталған еді.

Еске салып өтсек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің тапсырмасымен барлық мүгедектер, Ұлы Отан соғыс қатысушылары мен оған теңестірілген тұлғалар үшін ағымдағы жылдың 29 сәуірінен басталып, 29 мамырға дейін жалғасты. Шара қоғамның назарын мүгедектердің, соғыс ардагерлерінің, оларға теңестірілген тұлғалардың денсаулығына аударуға бағытталған.

Елордада 2014 жылдың наурыз айынан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін орталықтандырылған медициналық-әлеуметтік қызмет №4 қалалық емхана базасында ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы