8 Мамыр 2025 2025, 15:10 Фото: архив

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер артты

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, бүгінде ардагерлерге әлеуметтік қолдау шаралары орталық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылып жатыр.

Биыл 1 қаңтардан бастап төлем мөлшері базалық зейнетақы бойынша 6,5%-ға және ынтымақты зейнетақы бойынша 8,5%-ға өсті. Қабылданған шаралар халықаралық тәжірибеде ұсынылатын табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін (40%) орындауға мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш елде 54,8%-ды құрады, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар басқа әлеуметтік төлемдерге қарамастан азаматтардың 19 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі жүзеге асырылады.

Нәтижесінде, 2025 жылғы 1 мамырға Ұлы Отан соғысының ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңгені, Ұлы Отан соғысы уақытындағы тыл еңбеккерлерінің жиынтық мөлшері 179 мың теңгені құрады, - деді Олжас Анафин.