12 Наурыз 2026, 21:19

Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз – "Жаңа адамдар" Қозғалысының көшбасшысы

Оның сөзінше, жаңа Конституция мемлекет дамуының келесі кезеңіне негіз болады.

"Жаңа адамдар" қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова қазақстандықтарға үндеу жасап, алдағы референдум елдің болашағына ықпал ететін маңызды саяси қадам екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, жаңа Конституция мемлекет дамуының келесі кезеңіне негіз болады. Құжат прогресс, технологиялық даму, цифрландыру және жасанды интеллектті ілгерілетуге бағытталған жаңа мүмкіндіктерді айқындауы тиіс.

Сонымен қатар Қазақстанның әлемдік аренада ашықтық, мәдениетаралық келісім және бейбітшілік қағидаттарына негізделген саясат ұстанатыны атап өтілді. Қоғамдағы түрлі мәдениеттер мен діндерге құрмет, бірлік пен патриотизм елдің негізгі құндылықтары болып қала береді.

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері өңірлерде азаматтарды маңызды мемлекеттік үдерістерге қатысуға шақырып, дауыс беру құқығын пайдаланудың маңызын түсіндіріп жатыр.

«Бізге дамыған Қазақстан қажет. Мен жаңа Конституцияға дауыс беремін және баршаңызды 15 наурызда өтетін референдумда осы бастаманы қолдауға шақырамын», – деді Асель Баденова.

Оның айтуынша, референдум – әрбір азамат өз елінің болашағын айқындауға қатыса алатын маңызды мүмкіндік.