Әрбір зардап шеккен отбасына 100 АЕК біржолғы өтемақы беріледі

Үкімет су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспарға сәйкес әрбір зардап шеккен отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы беріледі. Қираған үйлер Үкімет резерві есебінен қайта салынады, ал жөндеуге мұқтаж үйлер әкімдіктердің қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. 

Залалды бағалауды әкімдіктер су кеткеннен кейін бірден жүргізеді, - деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Арай Дәулетқызы ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар саяжай үйлері бойынша өтемақы мөлшері 100 АЕК дейін құрайды. 

Бұл ретте, егер саяжай жалғыз тұрғын үй болып табылса немесе зардап шеккендер халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын болса, әкімдіктер баламалы тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастырады, - деді спикер.

Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша шығындарды өтеу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға банктер мен МҚҰ бөлімшелеріне бармай-ақ кредиттер бойынша төлемдерді 3 ай мерзімге (2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін) автоматты түрде кейінге қалдырады. 

Зардап шеккен халықтың тізімдерін және залалды бағалауды әкімдіктер қалыптастырады және жүргізеді, - деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы