Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білуі керек - министр
Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында оқушыларға, ата-аналар мен ұстаздарға тілегін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатыр.
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық беріледі.
Министрлік төтенше жағдайларды жоюдан алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет, - деп атап өтті министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Өзгелердің жаңалығы