Қараша айында күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 қазан мен 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдің еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, соны әсерінен суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады.  Циклон және фронттардың шығыс бағытында  жылжуына қарай жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ республиканың қалған өңірлерін де қамтиды. Климаттық нормадан 3…6°С, республиканың солтүстігінде 8…13°С жоғары болған аномальді жылы ауа температурасынан кейін күн суытады. Қараша айының басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады деп болжануда", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы