Рамиз Аллахвердиев: Көптеген биржада сауда-саттық туралы ақпарат жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ашық алаңда монополияға қарсы органмен Open Space форматында биржалық тауарлардың жекелеген түрлерінде нарықтық баға белгілеудің болмауы мәселелерін талқылауды жалғастырды.
Open Space қатысушылары Қазақстанның биржалық жүйесінің жұмыс істеу мәселелерімен бөлісті.
Мәселен, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің пікірінше, бүгінгі күні биржа объективті баға қалыптастыру алаңы болып табылмайды. Әдетте, баға тауар биржасынан тыс ресімделеді және ресми тіркеу үшін шығарылады.
Тауар биржаларының ашық емес схемасының нәтижесінде қарапайым кәсіпкерлер нарыққа кіре алмайды, сол арқылы тауар нарықтарында бәсекелестік болмайды.
Өз кезегінде Қазақстанның тауар-шикізат биржалары және ЭКБ қауымдастығының төрағасы Рамиз Аллахвердиев көптеген биржада сауда-саттық туралы ақпарат жоқ екенін айтады.
Биржада брокерлерді аккредитациялауда мәселелер бар. Клирингтік орталыққа қойылатын талаптар сақталмайды, аппараттық-бағдарламалық кешен талаптарына сәйкес келмейді. Мұның бәрі биржалық сауданың дамуын тежейді және Қазақстандық биржалық нарықтың беделін түсіреді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы