"Арандатушылар ісі". Финалдағы кикілжіңге қатысты бас бапкер түсініктеме берді

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбай Манкеев финалдық кездесуде болған дау туралы түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде қазақ көкпаршысы қарсыласын қамшымен бір қойған бейнесі тарап кетті.

Кикілжіңді бастапқыда түсінбей қалдық. Негізі мұнда арандатушы әлдекімдер жұмыс істейді деп білемін. Олар екі жақты жанжалдастыруға тырысты. Өздеріңіз байқаған боларсыздар, мен өзіміздің жігіттерге тоқтау салдым. "Не болып жатыр?" деп сұрасақ ешкім жауап бермеді. Иә, бізден де жігіттер арасында эмоцияға берілгендер болды. Ол үшін қырғыз ағайынан кешірім сұраймыз. Бірақ спорттық бәсекелерде мұндай болып тұратыны заңдылық, - деді Манкеев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері қазақ-қырғыз арасындағы финалдық ойын туралы пікірін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы