Аралда сексеуіл егу экологиялық мәселені шеше ме? – Әкім жауап берді

Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғап кеткен табанына 1 млн гектар сексеуіл егілгені айтылған еді. Аймақ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы жұмыстың нәтижесін айтып, алдағы жоспарды бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінге дейін 660 гектар жерге сексеуіл егілді, бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады. Оған демеушілерден де қаражат тартып отырмыз. Мысалы "КазМұнайГаз" ұлттық компаниясы бұл іске 2023 жылы 500 млн теңге ақша бөлді, – дейді әкім.

Әкім сөзінше қазіргі кезде экологиялық бастамаға қаржысы бар басқа да кәсіпкерлерді тарту мәселесі белсенді жүріп жатыр.

2023 жылы Аралға Еуроодақтың 20 елшісін алып бардық. Ондағы мақсатымыз шетелдік ұйымдардың гранттарын тарту болды. Қазіргі кезде нәтижесін беріп жатыр, – деді ол.

Әкім ғалымдардың зерттеуі бойынша құмның көшпеуіне, экологияның жақсаруына сексеуіл егудің маңызы жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ әкім Аралды толтыру үшін біршама шаралар жүргізіліп жатқаны туралы да айтты. Оның сөзінше, 2022 жылы кіші Аралда 18 млрд су бар болған. Қазіргі таңда су деңгейі 23 млрд-тан асып отыр.

Суды көп тұтынатын қалалардың біріміз. Жазда күріш суару үшін Аралға көп су бөле алмадық. Қыста барынша судың бәрін сол Аралды толтыруға бағыттап отырмыз, - дейді әкім.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы