Аралда оқушылар үйі мен амбулатория ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал ауданында 250 орындық жаңа оқушылар үйінің есігі айқара ашылып, балалар үйірмелерімен қайта қауышты. Сонымен қатар Шижаға ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген нысан құрылысына 126 миллион теңге жұмсалған. Ұлттық аспапты меңгеруді 5 жыл бұрын бастаған Сағадат Көшекбаев сапалы музыкалық аппаратура құрылған үлкен әрі жарық сахнада өнер көрсетуді армандап келді. 80 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта ондай мүмкіндіктер мүлдем жоқ болатын.

Типтік жобадағы нысанның 20 маманы Шижағамен қатар Сазды және Күршек ауылдарындағы 3 мыңдай тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы