Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу жұмыстары жалғасуда

Арал теңізінің құрғаған табанына биыл 200 мың гектар сексеуіл егу жоспарланған. Жалпы аймақта жыл басынан бері жергілікті жердің топырағы мен климатына төзімді 145 мың қара ағаш, терек, Сыр талы егілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көктемде 65 мың гектар аумақ қамтылды дейді жауаптылар. Сонымен қатар галофиттік өсімдіктер егіледі. Ғалымдар тұқымнан және көшеттен егу әдісін ұсынған. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылуда.

Арал теңізінің құрғаған табаныныда күзгі орман мелиорациялық жұмыстары басталып жатыр. Оған сексеуілдің тұқымдарын жинау жұмыстары және галофитті өсімдіктер дейміз, қарабарақ және сазсазан өсімдкітерінің тұқымдарын жинау жұмыстары қараша айының ІІІ он күндігінде басталатын болады, - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Әбдіразақов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы