Араб қорлары қазақстанның медицина саласындағы жобаларын қаржыландыруға дайын
Араб үйлестіру тобына кіретін төрт халықаралық қаржы институты Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Араб үйлестіру тобына кіретін төрт халықаралық қаржы институты Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы орайда Астанада дөңгелек үстел кезінде қорлардың өкілдерімен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өткізген бірқатар кездесулер барысында уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар басым жобаларды қаржыландыру мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Соның ішінде Кувейт Араб экономикалық даму қоры өз қаржысын сала отырып, инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі. ОРЕС халықаралық даму қоры таяудағы үш жылда сомасы 2 млрд доллардан асатын, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыруға дайын екенін баяндады. Сауд Арабиялық даму қоры UMC корпоративтік қорының базасында балалар хирургиялық орталығының құрылысын жобаны қосалқы қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра отырып салуға қызығушылық танытты. Катар даму қоры жыл сайын 2-3 млн сомасына шағын жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл уағдаластықтар біздің алдымыздан денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз қысқа мерзімде жобаларды жүзеге асыра бастауды жоспарлап отырмыз, бұл медициналық қызметтерді Қазақстан халқы үшін анағұрлым қолжетімді ете түсуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Араб үйлестіру тобы қорымен ынтымақтастық- елдің медициналық инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту жолындағы министрліктің тағы бір маңызды қадамы, деп қорытындылады сөзін ведомство басшысы.
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026
- Семейде TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді 18.11.2026
- Жүрегі оң жақта орналасқан: Астаналық дәрігерлер әйелге күрделі ота жасады 18.11.2026
- Түркістан облысында жылына 50 мың бас мал бордақылайтын ірі кешен ашылды 18.11.2026
- Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды 18.11.2026