Қарақұйрықты атқан браконьерлер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.
"2019 жылғы 21 қазанда сағат 11:30 шамасында "Охотзоопром" ӨБ РМҚК мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары рейдтік шара барысында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында үш бас қарақұйрық аңын заңсыз атқан Тараз қаласының екі азаматы ұсталды", - деп жазды Сәкен Ділдахмет.Аталмыш факты бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қарақұйрық Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Қарақұйрықтың бір басына зиянды өтеу ставкасының мөлшері 400 АЕК (1 010 000 теңге) құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы