Қарағандының тауар өндірушілері салынып жатқан көтерме-тарату орталығында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық тауар өндірушілерге Global City көтерме-тарату орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Нысанды аграрлық салада және тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер аралады. Оларға қоймалар мен сауда орындарын көрсетіп, логистика туралы айтып берді.

Кәсіпкерлер жабдықталған климаттық қойманы, құрғақ және уақытша сақтауға арналған қоймаларды, контейнерлік алаңды және кросс-доктарды (толассыз жинау аймағын) қарап шықты. Қойма және сауда үй-жайлары 72 мың шаршы метр алаңға орналастырылады.

КТО жергілікті тауар өндірушілерге өз өнімдерін сақтау және сату бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынады.

Мамандардың айтуынша, бұл делдалдардың тізбегін өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін қысқартуға мүмкіндік береді және азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуіне ықпал етеді. Қарағандылықтар жыл бойы маусымаралық ауытқуларға қарамастан қолжетімді бағамен көкөністермен жемістермен қамтамасыз етіледі. Ауқымды жобаны іске асыру өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне толығымен жауап береді - мұнда бизнес-үдерістер толығымен автоматтандырылған. Сондай-ақ интернет-алаңдар арқылы тауарларды шағын және ірі көтерме сату жүйесі қарастырылған.

Көтерме-тарату орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаның бірінші кезеңі өткен жылдың соңында аяқталды. Жұмыстар әлі де жалғасуда.

Инвестицияның жалпы сомасы 24 млрд теңгені құрайды. Есеп бойынша, кәсіпорынның жылдық айналымы 300 мың тоннаға жетеді.

Айта кетейік, Global City орталығының ашылуы 2020 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы