Қарағандылық жас футболшылар Қазақстан чемпионатының кубогын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Облыстық «Жастар» олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Мұндай нәтижеге көп жылдан бері қол жеткізілмеген еді. Бұған дейін құрама тек республикалық біріншіліктердің жүлдегерлері атанған болатын. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында жас футболшыларды жетістіктерімен құттықтады. Спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

«Футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Шымкентте 10-19 маусым аралығында өтті. Біріншілікке еліміздің 14 аймағынан 2007 жылы туған 288 футболшылардан құралған 16 команда қатысты. Біздің ойыншыларымыз қарқынды түрде жаттықты», - дейді «Жастар» спорт мектебінің жетекшісі Балғабай Нұрланов.

Екінші орынды Алматы құрамасы, ал үшінші орынды Тараз құрамасы иеленді.

«Жеңіске жету өте қиын болды, барлық ойындар күрделі болды. Өз тобымызда біз екінші орынды иелендік, бірақ жартылай финалға өтіп, Тараздан келген команданы жеңдік. Ал финалда пенальтиден алматылықтарды жеңдік. Біздің команда барлық сынақтардан өте алды. Бірақ ешкім де қалыс қалған жоқ, барлығымыз жеңіске ұмтылдық. Чемпион атанғанымызға өте қуаныштымыз», - деп атап өтті команда жаттықтырушысы Виталий Карелин.

Оның айтуынша, табысқа жетуге тұрақты еңбек, жаттығу, тәртіп және қиындықтарды жеңуге ұмтылыс көмектеседі. Өткен жылы «Жастар» мектебінің тәрбиеленушілері «Локобол - РТЖ 2018» халықаралық турнирінде үздік атанды.

«Біздің ұлдарымыз футбол клубтарында көзге түсті. Мен оларды әзіге жібермеймін, әлі ерте. Тәжірибе мен шеберлікке қол жеткізсін. Содан кейін өздеріне деген сенімділік арта түседі, басқа мықты командаға ауысқанда қосалқы орындыққа отырып қалмайды. Мұнда олар мықты ойыншылар және командаға пайда әкеледі», - дейді жаттықтырушы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы