Қарағандылықтар «Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындардың жүлдегері атанды

Астана, BAQ.KZ. Қарағандылықтар «Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындардың жүлдегері атанды. Біздің спортшылар шорт-тректе «алтын» және биатлонда «күміс» жүлде ұтып алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындар Оңтүстік-сахалинде өтті. Сайысқа Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркменістан, Непал, Корей Республикасы, Таиланд, Гонконг, Иордани, Тәжікстан, Филиппин, Жапония, Ауғанстан, Қырғыз, Үнді, БАӘ, Кувейт, Сирия, Армения және Ресей елдерінен 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.

Жарыстар спорттың 8 түрі бойынша өтті: мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру және хоккей. Бұл спорт түрлерінің әрқайсысы бойынша Қазақстандық құрама өкілдері қатысты.

Қарағанды облысы атынан командаға екі спортшы енді: Дамир Құрманов (шорт-трек) және Данил Аношкин (биатлон).

Дамир Құрманов команда құрамында 3000 метр қашықтықтағы эстафетада алтын медаль иеленді.

Даниил Аношкин 2 х 6 шақырым эстафетасында «күміс» жүлдегер атанды.

Екі спортшы да Ә. Молдағұлова атындағы спорттағы дарында балалар облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері.

«Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындарда Қазақстан құрамасы барлығы 20 медаль ұтып алып, алтыншы жалпы командалық орынды иеленді.

Кубоктар және медальдармен қатар олар отанға Кремль алаңындағы жаңа жылдық шыршаның тұқымдары салынған экокубокпен оралды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы