Қарағандылықтарға балаларын балабақшаға жібермеу ұсынылды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күні облыстың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бүлдіршіндердің тек 20 пайызы балабақшаға барып жүр. Балалардың денсаулығына қауіп төнбес үшін оларды балалар бақшасына апармау ұсынылуда.

Бұл жайында облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев брифингте айтты. Басқарма басшысы облыстың Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған сияқты ірі қалаларының тұрғындарына бүлдіршіндерді балабақшаға жібермеу ұсынылатындығын мәлімдеді. Бұл жағдайда мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі баланың орны сақталады.

Наурыз мерекесіндегі демалыстардан кейін ата-аналар жауапкершілікті өздеріне алып, балалардың денсаулығына нұсқан келмейтіндей шаралар қабылдаса деп ойлаймыз. Сондықтанда облыстың ірі қалаларының тұрғындарына бүлдіршіндерді балабақшаға жібермеуді ұсынамыз, - деді Есенғазы Иманғалиев.

Сондай-ақ, басқарма басшысының сөзінше 6 cәуірден бастап мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары әзірленіп жатыр. Сондықтанда ата-аналарға компьютер, смартфон немесе басқа да гаджеттарды дайындау тапсырылды. Жақын уақыттары білім басқарамасы ұстаздар мен сынып жетекшілері арқылы бірқатар ұсыныстар енгізеді. Тұрғындардан осы мәселеге мұқият болу сұралады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы