Қарағандылық оқушылар оқулықпен толық қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 2020 жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,4 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қажеттілікті 100 пайыз өтейді.
Қаражат келесі оқулықтарды сатып алуға жұмсалды: 11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар, 5, 6-сыныптарға арналған информатика, үштілділікке арналған оқулықтар, арнайы мектептер үшін 3, 6, 8 - сыныптарға арналған оқулықтар, электронды оқулықтар мен көркем әдебиеттер, тозған деңгейіне сәйкес 1-сыныпқа және басқа сыныптарға арналған оқулықтар.
2020 жылдың 25 тамызында оқулықтарды баспалардан облысқа жеткізу процесі аяқталды.
Бүгінгі күні облыстық білім басқармасы мен бөлімдері 1-11 сыныптардың әр оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығын жеткілікті мөлшерде сатып алды.
20 шілдеден бастап оқулық тарату процесі облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілді.
Таратылым толық көлемде жүзеге асырылды.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары pdf форматында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылған және жүктеу үшін қолжетімді.