Қарағандыда жол апатынан 7 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол көлік оқиғасының салдарынан 7 адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оның 5-уі Тәжікстан азаматы болса, 2-уі Қарағанды облысының тұрғыны. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
11 қараша күні сағат 23:30 шамасында Ақтоғай ауданының аумағында Сары-шаған кентіне жетпей 38 жастағы "Van Hool" автобусының жүргізушісі (Қырғызстан азаматы) алдын ала болжам бойынша, жолдың тайғақтығынан көліктің басқаруына ие бола алмай қалып сол бағытта кетіп бара жатқан "Volvo" жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол көлік оқиғасының салдарынан 7 адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оның 5-уі Тәжікстан азаматы болса, 2-уі Қарағанды облысының тұрғыны, - делінген хабарламада.
"Volvo" жүк көлігінің жүргізушісі 55 жаста Алматы облысының тұрғыны.
Жол көлік оқиғасы кезінде автобустың ішінде 15 жолаушы, 2 жүргізуші болған.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шеруі өтті
Өзгелердің жаңалығы