Қарағандыда жүк көліктеріне екі күнде 4 млн теңге айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының жылжымалы көлік инспекциясы екі күнде 29 заңбұзушылықты анықтап, 4 миллион теңгеге айыппұл салған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе шамадан тыс жүк артатындар көп. Бұл көбіне Қытайдан шығатын ауыр көліктерге қатысты жайт. Енді мамандар мұндай техникаларды нарықтан ығыстыруды мақсат етіп отырған көрінеді.Жүргізушілер де әкімшілік құқық бұзып, артық жүк артқанын жақсы біледі. Бірақ «білмедім, көрмедім» дегенді жөн көреді. Қытайдан шығатын «SHACMAN» маркалы көлігі – тас жолдың таза жауы. Себебі салмағы – 25 тонна. Оған қоса тағы 40 тоннаға жуық жүк артып алады. Салдарынан жаңа төселген асфальт езіліп, аз уақытта жарамсыз күйге түседі.
Мемлекеттік сатып алу кезінде, бұған жол бермеу үшін рұқсат етілген параметрден асып кететін көлік құралдарына жұмыс істеуге рұқсат бермеу деген ұсыныс жасап отырмыз, – дейді Қарағанды облыстық көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Дастан Жұмақұлов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да қатты өрт болып жатыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы