Қарағандыдағы вирус анықталған адам – Теміртау тұрғыны
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуірде Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың бір жаңа жағдайы тіркелген.
Науқас 1987 жылы туған адам. Теміртау тұрғыны. Бұрын да карантиндік госпитальға жатқызылған.Бүгінгі күні облыста COVID-19 103 жағдайы расталды, оның ішінде бір адам қайтыс болды және 19 пациент сауығып кетті.
Тәулік бойғы бақылауда 766 адам бар – бұл 1А және 1Б (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырғандармен байланыста болған адамдар. Провизорлық стационарларда – 207, карантиндік госпитальдарда – 476. Үй карантинінде 2 504 адам бар, үй карантинінен 404 адам шығарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысындағы ауруханалардың қауіпсіздігі тексерілуде
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы